«Ел ордасы — Астана»

17 маусым күні өткізілген «Ел ордасы — Астана» тақырыбындағы сабақ барысында балалар Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласы туралы қарапайым әрі маңызды мәліметтермен танысты. Олар Астананың рәміздері мен сәулет нысандары жайлы біліп,оларды мозаика құрастыру арқылы бейнеледі. Топпен жұмыс жасау барысында, бірлесіп шешім қабылдауды үйренді. Сонымен қатар, 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау дағдыларын пысықтап, математикалық ойлау қабілеттерін дамытты.

@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@akimat__astana