“Жұлдыздар шеруі – 2025”: Жетістікке жетелеген жарқын сәт
Бүгін мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Жұлдыздар шеруі – 2025” салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл ерекше күнде оқу озаттары, ғылыми жобаларда, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсеткен шәкірттеріміз марапатталып, мектеп мерейін үстем еткендері үшін “Жұлдыздар шеруі – 2025” кубогына ие болды.
Іс-шараның құрметті қонағы – Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімінің басшысы Сәдуақасова Алма Досжанқызы оқушыларымызға жүрекжарды құттықтауын білдіріп, олардың табысты білім жолына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында белсенді оқырмандарымыз бағалы сыйлықтарға ие болды. “Қамқоршылық кеңесі” үздік оқушыларға арнайы сертификаттар табыстаса, “АМАНАТ” партиясының “Алматы” аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Актайлакова Гүлмира Нұрланқызы үздік оқырмандарымызға алғыс хаттар мен кітаптар тарту етті.
Бұл күн – білім мен еңбектің бағаланған, жас дарындардың жарқыраған сәті болды. Алда талай биіктерді бағындыратын шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DJvGI1siUsw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==