«Жас маман» мектебінің қорытынды отырысы
№32 мектеп-гимназиясында мамыр айының 15-нде «Жас маман» мектебінің қорытынды отырысы дөңгелек үстел форматында өтті. Дөңгелек үстел жұмысына жас мамандар өздерінің жыл бойы жүзеге асырып келген іс-шаралары туралы, алған білімдері мен үйренген машық-дағдылары, жеткен жетістіктері жайлы есептерімен келді. Бейіндік оқыту бойынша директор орынбасары К.Т.Зейнелова жас мамандардың жұмысына есеп беріп, жас әріптестерінің ұсыныстары мен ниеттеріне құлақ салды. Келесі оқу жылында жас маман мектебінің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жас маманның пікірі, көзқарасы өте құнды бағыт болып табылады. Сондықтан қорытынды отырыста жас мамандар өз ойларын ортаға салды. Әріптестерімізге алдағы уақытта атқаратын жұмыстары жемісті, еңбегі ерен болып, жетістіктерге жете беріңіздер демекпіз!
- Басты бет
- /
- «Жас маман» мектебінің қорытынды отырысы
«Жас маман» мектебінің қорытынды отырысы