Жас маман мектебі

Биылғы оқу жылында педагогтік қызметке алғаш қадам басқан және жас маман ретінде өздерінің қызметін ары қарай жалғастырып отырған әріптестерімізге №32 мектеп-гимназиясында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру. Мектеп психологі Сатылганова З.Д. жас мамандарға тренинг өткізіп, бейіндік оқыту бойынша директор орынбасары К.Т.Зейнелова жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Әр жас маман өздерінің тәлімгерлерімен оқу жылы ішінде атқарылатын шараларды жүзеге асыруда белсенділік танытады деген ойдамыз. Іске сәт, жас маман-әріптес!https://www.instagram.com/reel/DAIwS4cMxwB/?igsh=eGl1b3M5a2psdXQz