"Үздік жас маман-2024"

"Үздік жас маман-2024" байқауы жас маман мектебінің жұмысының қорытындысы ретінде №32 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Жас маманның ұстаздық еңбек жолы оның алдына қойған мақсатының биіктік дәрежесіне байланысты. Сонымен бірге тәлімгерлері тарапынан көрсетілген әдістемелік көмегі мен жыл бойы жинақтаған тәжірибесінің нәтижесін ашық сабақтардан тұратын онкүндігімен бастап, сахна төрінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, педагогикалық жағдаяттарды шеше білу дәрежесімен бағаланды. Байқауға қатысып, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен Мурзакаева З.М., Тажихан А.М., Жанәділ Ж.О., Жақсылық Қ.Қ., Мамунова Ж.К., Шырынхан А.Е., Тоқтан Д.С., Токтаганова Д.М., Байгужина Ж.К., Кабзитова З.М., Луб Е.С. жас мамандарымызды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық жолында жаңа табыстарға жете берулеріне тілектес екенімізді білдіргіміз келеді.