Тіл- әр ұлттың ең ұлы анасы!

5 қыркүйек күні мектебімізде “Тіл- әр ұлттың ең ұлы анасы” атты Тілдер күніне арналған мерекелік іс- шараның ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында Небышинец Данил 8 “Л” сынып оқушысы қазақ тілінде ән шырқап, мың бұралған биші қыздарымыз “Матрёшка” биін биледі. Оқушылар мен ұстаздар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағамымыз бауырсақтан дәм татты.
Әлемде қанша ұлт болса, сонша тіл бар. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандығымен ерекшеленеді, сондықтан өз тіліңді біліп, өзге тілдерді құрметтеуді әр баланың бойына дарыту арқылы еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге ат салысудамыз.https://www.instagram.com/reel/C_iCCIAMIAX/?igsh=ZHU0OTl6Mm1mNXF5