Оқуға құштар мектеп

5 қыркүйек күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу мақсатында шығармалары оқылды. Ұлт ұстазының соңына қалдырған мұраларының елеулі бөлігі – оның көркем аудармалары. 6- сынып оқушылылары «Бақа мен өгіз", «Ат пен есек", «Қарашекпен мен қой» тақырыбында мысалдарын оқып, пікірлерімен бөлісті.