Қазақстан Республикасының «Ұлттық музейі» РМҚК мен Астана қаласы әкімдігінің «Білім басқармасы» арасында мұражай сабақтарын өткізу туралы арнайы меморандум қабылданған. Сол меморандумның аясында пән мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Жуманова Роза Аменовна Қазақстан Республикасының «Ұлттық музейі» РМҚК 10 қазан күні «Қазақстан тың жерлерді игеру дәуірінде» тақырыбында мұражай экспонаттарымен сабақ өткізді. Сабақтың жоғары деңгейде өткізілуіне мұражай қызметкері Досанов Амир Касымовичтің де қосқан үлесі зор. Мұражайдағы сабаққа №32 мектеп-гимназиясының 9 «а» сынып оқушылары қатысып Кеңес өкіметінің орнығуы, тың жерлерді игеру туралы мәліметтер беріп, өлең оқып, ән айтып, сол дәуірге саяхат жасағандай болды. Сабақ оқушыларға өте ұнады, сабақ барысында тың жерлерді игеру себептерін анықтап, тарихи тұлғалардың тың жерлерді игеруге қосқан үлестерін қарастырып, қорытынды жасады.
- Басты бет
- /
- Мұражайдағы сабақ
Мұражайдағы сабақ