Мамырдың 27 күні мектебімізде 11 сынып оқушыларымен қорытынды емтихан (орыс тілі және қазақ тілі) оқыту тілі бойынша басталды. Емтиханның өткізілуіне жарты сағат бұрын оқушылар мектебіміздің бірінші қабатында сап түзеп, мектеп директоры оқушыларды құттықтады. Білім алушыларға академиялық адалдық және емтиханның маңызды сәттеріне назар аударудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. “Алтын белгі” төсбелгісіне үміткерлер оқушыларымыз да емтихан тапсырды. Барлық емтиханға қатысқан оқушыларға сәттілік тілейміз.