• Басты бет
  • /
  • Мектептегі жаңа бастама Астана қаласында орналасқан, 2012 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан “GLOBAL САПА” халықаралық білім беру орталығы қызметінің басты мақсаты - білім беру, ғылыми-педагогикалық қызмет болып табылады,оның ішінде: дарындылықты дамыту және таланттарды басқару бағдарламалары бойынша Консалтингтік қызметтер көрсету, ғылыми, зерттеу және шығармашылық қызметке ынтасы жоғары оқушылар, педагогтар мен ата-аналар үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.
Мектептегі жаңа бастама Астана қаласында орналасқан, 2012 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан “GLOBAL САПА” халықаралық білім беру орталығы қызметінің басты мақсаты - білім беру, ғылыми-педагогикалық қызмет болып табылады,оның ішінде: дарындылықты дамыту және таланттарды басқару бағдарламалары бойынша Консалтингтік қызметтер көрсету, ғылыми, зерттеу және шығармашылық қызметке ынтасы жоғары оқушылар, педагогтар мен ата-аналар үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.

Мектептегі жаңа бастама
Астана қаласында орналасқан, 2012 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан “GLOBAL САПА” халықаралық білім беру орталығы қызметінің басты мақсаты - білім беру, ғылыми-педагогикалық қызмет болып табылады,оның ішінде: дарындылықты дамыту және таланттарды басқару бағдарламалары бойынша Консалтингтік қызметтер көрсету, ғылыми, зерттеу және шығармашылық қызметке ынтасы жоғары оқушылар, педагогтар мен ата-аналар үшін жағдай жасауға жәрдемдесу. Бүгін, 24 ақпан №32 мектеп-гимназиясы үшін білім саласында ауқымды жаңалықтардың бастамасы ретінде болашаққа нық қадаммен басуға бағыт алған күндердің бірі болды.
“GLOBAL САПА” халықаралық білім беру орталығының директоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, FIDJIP EUROTALENT халықаралық жаттықтырушысы (Франция) Шингужинова Тлектес Сайхатановна білім беру орталығының қызметімен, жүзеге асырылып жатқан халықаралық деңгейдегі бағдарламалардың мақсатымен, мазмұнымен педагогикалық ұжымды таныстырып өтті. Кездесу барысында мектеп-гимназиямызда ашылған «Аттила» клубының жұмыс барысымен тарих пәнінің мұғалімі Шыныбеков Болат Шамкенович таныстырып өтті.
Кездесу “GLOBAL САПА” халықаралық білім беру орталығы мен «№32 мектеп-гимназия» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, Т.С.Шингужинова мен мектеп-гимназия директоры Г.Б.Байтас бірлескен қызмет арқылы ынтымақтастықтың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететіндеріне сенім білдірді.
№32 мектеп-гимназиямызда тынбай еңбек етіп жатқан жаңашылдығы мол ұстаздарымыз бен дарынды шәкірттеріміз, қолдау көрсетуден тайынбайтын ата-аналарымыз “GLOBAL САПА” халықаралық білім беру орталығының бірегей жобаларын оқу-тәрбие үрдісінде бірлесіп жоғары деңгейде жүзеге асырамыз деген ойдамын.