2024 жылдың 12 қазанында 3-11 сыныптар арасында сағат 10.00-де мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Пән олимпиадасы 3-4-сыныптар бойынша қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану, әдебиеттік оқу, математика пәндерінен, 5-7 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі, биология, география пәндерінен, 8-11 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, алгебра, тарих, құқық негіздері, ағылшын тілі, биология, география, химия, информатика, физика пәндерінен өткізілді. Дарынды оқушыларды анықтау, пәнге деген қызығушылықтарын жоғарлату мақсатында өткізілген пән олимпиадасына барлығы 3,4-сыныптар бойынша - 168, 5-7 сыныптар бойынша 205 оқушы, 8-11 сыныптар бойынша 309 оқушы қатысты. Мектепішілік пән олимпиадасында 1-орын алған жүлдегерлер аудандық олимпиадаға жолдама алды.
- Басты бет
- /
- Мектепішілік пән олимпиадасы
Мектепішілік пән олимпиадасы