• Басты бет
  • /
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті механика-математикалық факультетінің қалалық ашық есік күні
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті механика-математикалық факультетінің қалалық ашық есік күні

21 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің №32 мектеп-гимназиясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті механика-математикалық факультетінің қалалық ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күніне қала мектептерінен №37,38, 63 мектеп-гимназияларынан 11-сынып оқушылары келіп қатысты. Факультет деканы, PhD докторы, доцент Қозыбаев Данияр Хайбилдаұлы Университет туралы ақпарат бере отырып, механика-математикалық факультетке тоқталды. Білім беру бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастықтар туралы, білім алушылардың тәжірибеден өтуі, жұмыспен қамтамасыз етулері жайлы ақпарат берді. Сонымен бірге факультет мамандары №32 мектеп-гимназиясының математика, информатика пән мұғалімдеріне арнап, ғылыми жобаларды жазу барысымен таныстырды, әдістемелік көмек көрсетті. Болашақ мамандықты таңдауда факультеттің ұйымдастырған ашық есік күні аясында берген ақпараттары мектеп бітіруші түлектерге үлкен көмегін тигізері сөзсіз.