• Басты бет
  • /
  • Құрметті оқушылар,ата-аналар!SPARKLO фондоматы ғылыми жоба аясында гимназиямызда орнатылды.
Құрметті оқушылар,ата-аналар!SPARKLO фондоматы ғылыми жоба аясында гимназиямызда орнатылды.

Құрметті оқушылар,ата-аналар!SPARKLO фондоматы
ғылыми жоба аясында гимназиямызда орнатылды.
Біздің мектепте “ПЭТ – ыдыстарды жинау әдістерін зерттеу.Мектептерде фондоматтарды енгізу “ ғылыми жобасы аясында айтулы оқиға болды.
Фондамат: пластикалық және алюминий бөтелкелерді тапсыруға мүмкіндік беретін заманауи машина
Фондаматты орнату ,қоқысты бөлек жинау жобасын жүзеге асыруға шешім қабылдаған оқушылар тобының бастамасының арқасында мүмкін болды (Кусаинова Альмира 8 “В”, Ким Мария 8 “Д”Ғылыми жетекшісі: Қойшы Әсел Сайлауқызы).
Экология туралы тек ересектермен ғана емес, балалармен де сөйлесу керек, өйткені жасөспірім кезінде болашақ мінез-құлық үлгілері қалыптасады.
•Пластикалық бөтелкелерді сұрыптау әлемдегі экологиялық тазалықтың құндылығын түсінуге көмектеседі.
•Сонымен қатар баланың жеке басының дамуы, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, оның әр адамның іс-әрекетіне тәуелділігі тиісті жоспарларсыз мүмкін емес.

•Жобаның барлық қатысушылары арасында жүлделер ойнатылады.
•Мектеп әкімшілігінің алғысы беріледі.
Бұл сыйлықтар мектеп оқушыларына көбірек бөтелкелер тапсыруға ынталандырады және біздің мектепті таза етуге көмектеседі деген үміттенеміз!
Қоқысты сұрыптау жобасына қатысушылардың атынан біздің мектеп директоры Байтас Гүлшат Берікбайқызына және @Sparklo.kz директоры Адлет Слямбекұлына біздің мектепте фондоматты орнатуға қолдау көрсеткені және көмектескені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыныздың арқасында біз мектепте қоқысты бөлек жинау жүйесін құрудың алғашқы қадамын жасай алдық. Фондаматты орнату бізге экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.
Гүлшат Беркбаевна осы мәселенің маңыздылығын түсінгеніңіз үшін және жобамызды жүзеге асыруға көмектескеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Біз үшін бұл жоба көп дәрежеде ағартушылық болып табылады, оқушылар фандоматты белсенді пайдаланады деген үміттенеміз! Жинау статистикасы бойынша біз сіздерді хабардар етіп отырамыз