№32 мектеп-гимназиясында “Дені саудың — жаны сау!” тақырыбында вожатый апталығы қызықты әрі мазмұнды іс-шаралармен жалғасуда. Апталықтың екінші күні ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналды. Бұл күні мектеп ауласында оқушыларға арналған түрлі ұлттық ойын түрлері ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын дәріптеу мен қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсаты көзделді.
Іс-шара барысында мектеп парламентінің белсенді мүшелері оқушылармен бірге арқан тарту, қол күрес, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарды ойнап, өзара жарысты. Бұл ойындар балалардың қызығушылығын оятып, ұлттық рухты нығайтуға сеп болды.
Шараға барлық сыныптар белсене қатысып, бір-бірімен достық пен ұйымшылдықта сайысқа түсті. Ойын барысында оқушылар тек күш пен ептілікті ғана емес, ақыл мен ой ұшқырлығын да көрсете білді.
Мұндай шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың ұлттық болмысын қалыптастыруға, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелейді. Апталық аясындағы мұндай мазмұнды күндер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
https://www.instagram.com/reel/DIeX8OfM0Jv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==