“Дарынды оқушы-ұлт болашағы” деп текке айтпаған. Қазіргі нәтижеге бағдарланған білім берудің түпқазығы оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталатыны бәрімізге белгілі. Білім беру ордасында әр ұстаз оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеуді көздейді. Осындай мақсаттың нәтижесін жоғарғы деңгейде көру әр педагог үшін өте құнды және баға жетпес жеңіс деп ойлаймыз. №32 мектеп-гимназиясында өздерінің даралығымен, білімдерімен аудандық, қалалық, халықаралық дәрежедегі конкурс, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген 8-11 сынып оқушыларын атап өттік. Халықаралық STEM олимпиадасында 10 - сынып оқушысы Иманбердиев Алихан, 9-сынып оқушысы Кульшаров Шынзар грамотамен марапатталды. Аудандық пән олимпиадасында 11 сынып оқушысы Зелюкин Иван-1 орын (математика), Ермоленко Дарья-1 орын (орыс тілі), Иманбердиев Алихан-1 орын (информатика), 9-сынып оқушысы Қалмахан Дана-2 орын (ағылшын тілі)
11-сынып оқушысы Бейсенбек Абай-2 орын (информатика), 11-сынып оқушысы Айтжанова Гульхан-2 орын (география), 10 - сынып оқушылары Байдаулетова Еркежан-2 орын (орыс тілі мен әдебиеті), Бейсекина Анелия-2 орын (орыс тілі мен әдебиеті), 11-сынып оқушысы Шнайдер Станислав-2 орын (қазақ тілі мен әдебиеті), 11-сынып оқушысы Сағатбек Мансұр-3 орын (ағылшын тілі), Исаков Дамир-3 орын (информатика), 9-сынып оқушысы Вечерняя Арина-3 орын (биология), 10-сынып оқушысы Огородников Иван-3 орын (физика), 11-сынып оқушысы Жакупова Адель-3 орын (физика), 9-сынып оқушысы Чумак Виктория-3 орын (Құқық негіздері), 10-сынып оқушысы Сердалина Шадияр-3 орын (Құқық негіздері) алса, Алғыс хатпен 9-сынып оқушысы Данилов Данил (ағылшын тілі), 10-сынып оқушысы Сейтова Тоғжан (ағылшын тілі), Боранбай Инабат (биология), Отарбаева Дильназ (химия), Амантұр Алмат (математика), Аян Каусар (орыс тілі мен әдебиеті), 11-сынып оқушысы Шифферштейн Анжелина (Қазақстан тарихы), Александрова Мария (Құқық неіздері) марапатталды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Химия» кафедрасы ұйымдастырған Астана қаласы мектептерінің 7-9 сыныптары арасында химия пәні олимпиадасының аудандық кезеңінде 8-сынып оқушылары Ким Мария - 3 орын, Аймурзин Адилет-2 орынды жеңіп алды. Шәкірттеріміздің жеңістері әлі талай алда екені белгілі. Сондықтан да маңдай терін төгіп, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан ұстаздарымызға да, шәкірттерімізге де сәттілік тілейміз!