Біздің мектептің тарихы

№32 мектеп-гимназиясының бай тарихы бұл ұстаздар қауымының заманауи білім берудің биік талаптарына сай болуға ұмтылғанын көрсетеді.

35 жыл бұрын мектептің бірінші директоры Нина Сергеевна Белоусова жаңа мектептің символикалық кілтін алды, ол осы қызметте 2004 жылға дейін жұмыс істеді. 16 жыл ерен еңбегінің арқасында Белоусова Н.С. ынтымағы бір, бірлігі жарасқан ұжымды құра білді, шығармашылық, ізденіс, өзара көмек атмосферасын қалыптастыра білді.

2004-2023 жылдар аралығында мектеп-гимназияны В.Г.Гродер басқарып, мектептің озық дәстүрлерін лайықты жалғастырып, дамытқан тәжірибелі басшы бола білді. Оқу жетістіктерімен, қалалық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы жетістіктерімен қатар, мектеп көп жылдар бойы қала мектептері арасында спорттық жарыстарда үзіктердің қатарында келеді. Мектебіміздің түлектері белсенді спортшылар және Қазақстан құрамасының мүшелері, Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Командаларымыз халықаралық, республикалық, қалалық шығармашылық байқауларда көптеген жетістіктерге жетті. Әсіресе, «Dance аралы» фольклорлық хореографиялық тобын, «Ангиорс» вокалды тобын және «Лимпопо» театр студиясын ерекше атап өтуге болады.

Мектеп құрылған күннен бастап өз ісіне адал мұғалімдер – Жанабилова А.А., Сагова З.С., Степанова В.Н., Огурцова М.В., Искакова Б.Р. ұстаздық қызметін осы күнгі дейін жалғастырып келеді.

Мектепте 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ұстаздарды атап айтсақ, олар - Хамитова Р.К., Максименко Г.Н., Шевякова Н.П., Русакова Н.Н., Жетпісбаева С.К., Хасенова А.А., Булатецкая Г.И., Досмухаметова Р.А.Годунова С.А.А., Савенова Г.А., Г.А.А. , Оразалина Д.А. Разгоняева С.В. Омарова А.Т., Сымбаева Д.Б., Мажитова А.А., Зиядина Қ.С., Елеева Г.Ф., Жұмағұлов А.Ш., Ахметвалиева Т.Р., Привалова С.Р., Алдабергенова А.Т., Гричанова В.А., Қайыржанова А.

2023 жылы 12 шілдеде Щучье көлінде суға батып бара жатқан баланы өз өмірін қиып аман алып қалған, мезгілсіз дүниеден өткен Руденко А.И. ең тәжірибелі, білікті мамандардың бірі болған. Ұстаздың ерен ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Тұрақтылық, жоғары деңгейдегі шеберлік, жаңашылдыққа бет бұру №32 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымына тән қасиеттер.

Қазіргі уақытта 2023 жылдың сәуір айынан бастап Гүлшат Берікбайқызы Байтас педагогикалық ұжымның басшысы болып табылады. Бүгінгі таңда №32 мектеп-гимназиясында білім сапасын одан әрі жоғарлату, оқытудың тәрбиелік құрамдас бөлігін күшейту, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың нақты бағыттары көрсетілген стратегиялық бағдарламаны дамыту жалғасын табуда.