“Балалар қауіпсіздігі”
Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі А. Т. Бимендина Білім басқармасымен, «Аманат» партиясының қалалық филиалдарымен, ювеналды полициямен бірлесіп балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты жалғастырды.
№32 мектеп - гимназиясының педагогтарымен талқылау барысында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері оқушылармен қандай жұмыс жүргізу керек, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау, жазғы демалысты, мектепішілік есепті дұрыс ұйымдастыру негізгі мәселелерге айналды. Педагогикалық ұжымның оқушылармен тәрбие жұмысының жаңа тәсілі № 32 мектеп-гимназиядағы қызметінде айқын көрінеді.
Кездесу екі тарап үшін де тиімді өтті және талқыланған алдын алу шаралары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.
- Басты бет
- /
- “Балалар қауіпсіздігі”
“Балалар қауіпсіздігі”