Ата-аналар жиналысы

26 қыркүйек 2024 жылы №32 мектеп-гимназиясында сыныптық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібі: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Ата-аналар мен ұстаздар қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау үшін жиналды. Ата-аналармен кездесуге Астана қ. ПД «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты Маликова А.Б. және Астана қаласы “Алматы” аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шәкім Ж. Н. қатысып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғау әрекеттерін түсіндірді.https://www.instagram.com/reel/DAYu2QKsXCV/?igsh=ZGJsd3B3d2RxYmE2