Ашық есік күні

28 қыркүйек 2024 жылы №32 мектеп-гимназиясында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Күн тәртібі: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Ата-аналар мен ұстаздар қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау үшін жиналды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғау әрекеттері түсіндірілді.
Балалар әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болмауларының алдын алу біздің міндетіміз. Бұл отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қауіпті.https://www.instagram.com/reel/DAdO8JHuJ9c/?igsh=Y3d6Mnl2bnFnYjU0