25 мамыр 32 мектеп-гимназияда “Мектебім саған мың алғыс!” тақырыбында түлектер іс-шарасы өткізілді. Түлектер мерекесі Қазақстан Республикасы Туының төрден орын алуымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні орындалуымен басталды. Ең алғы сөз алған мектеп басшысы Байтас Гүлшат Берікбайқызы бүгінгі мерекемен түлектерді, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтады. Мектеп түлектеріне жарқын болашақ тілеп, ересек өмірге ақ жол тіледі. 2023-2024 оқу жылында біздің білім ошағымыздың ауыз толтырып айтатын үлкен жетістіктіктеріміз мол. Мектепті екі ‘Алтын белгі” иегерлері және сегіз үздік аттестат алушы түлектер тәмамдамақшы. Түрлі олимпиадалар, конкурстар мен сайыстардан жүлдегерлеріміз өзіне бір төбе.
Қуанышымызды арнайы бөлісуге келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Әкім Ысқақ Әбдіқайымұлы түлектерге, қауымға ізгі ниетін арнай отырып, адамгершілік, ар-намыс, серік болғай деген тілеу тіледі.
Алматы аудандық “Аманат” партиясының жауапты хатшысы Алиярова Батима Жаксылыковна еліміздің болашағы жастар екендігін айта келіп, түлектерге еліне қамқор болар білікті маман иесі болуларын тіледі.
Мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсі кезінде қанаттары қатайып, болашақ қызықты да жауапты өмірге қанат қағып ұшатындай сыңай танытқандай болды бізге.
Сендерге “Ақ жол” деген сан тілектер сезілді бүгінгі күн!
- Басты бет
- /
- 25 мамыр 32 мектеп-гимназияда “Мектебім саған мың алғыс!” тақырыбында түлектер іс-шарасы өткізілді.
25 мамыр 32 мектеп-гимназияда “Мектебім саған мың алғыс!” тақырыбында түлектер іс-шарасы өткізілді.