24 мамырда «Білімім – Отаныма!» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты №32 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау мақсатымен өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болып табылды.
Тәрбие сағатына барлық оқушылар қатысты.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдалып, республика бойынша балалардың жетістіктері туралы видеоролик көрсетілді.
Іс-шараның жалғасында сынып жетекшілердің дайындаған оқушылардың оқу жылындағы жетістіктері бойынша видеоролик назарға ұсынылып, шәкірттер мен сынып жетекші ой бөлісіп, қорытынды жасады. Оқушылардың түрлі олимпадаларда, конкурстарда, өнерде, спортта жеткен жетістіктері ортаға салынып, әр баланың жақсы қасиеттері, еңбектері марапатталды.
9 және 11 сынып оқушылары «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Оқушылар мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, осы кезге дейінгі мектептегі сәттерін қағаз бетіне түсірді. Балалық шақтан болашаққа қадамдарын, арман-мақсаттарын жеткізді.
- Басты бет
- /
- 24 мамырда «Білімім – Отаныма!» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты №32 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау мақсатымен өткізілді.
24 мамырда «Білімім – Отаныма!» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты №32 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау мақсатымен өткізілді.