• Басты бет
  • /
  • 2023-2024 оқу жылында 4,5-11 сынып оқушыларының арасында өткізілген мектепішілік пән олимпиадасы туралы.
2023-2024 оқу жылында 4,5-11 сынып оқушыларының арасында өткізілген мектепішілік пән олимпиадасы туралы.

2023-2024 оқу жылында 4,5-11 сынып оқушыларының арасында өткізілген
мектепішілік пән олимпиадасы туралы.

2023 жылдың 27 қазанында №32 мектеп-гимназиясында 4, 5-11 сыныптарда барлық пәндер бойынша мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Мектепішілік пән олимпиадасын өткізудің басты мақсаты: дарынды оқушылардың құрамын анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. Олимпиадаға барлығы 4-сыныптар бойынша 144 оқушы, 5-11 сыныптар бойынша барлығы – 590 оқушы қатысты. Мектеп бойынша 734 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Пән олимпиадасының қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен І орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды. Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз.